Ақмола облысында жасөспірім бала суға батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті.
Қайғылы жағдай Есіл аудандық ауруханасының фельдшерінің хабарламасынан кейін белгілі болды. Оқушы жансақтау бөлімінде қайтыс болды.Ақпарат бойынша, 15 адам шомылуға көлге барған. Сол жерде 2004 жылғы жасөспірім бала суға батып, көз жұмды.
Жасөспірімдердің кездесу жайында мектеп әкімшілігіне ескертпегені анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жасөспірімнің өлімі өкпеге кірген судың әсерінен механикалық тұншығу салдарынан болған, – деді Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.Полиция ата-аналарды жағажайлар мен су маңында балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауға, тыйым салынған жерлерде шомылмауға, жағалауда алкогольдік ішімдіктерден бас тартуға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында жасөспірім қыз 3 күннен бері іздестірілуде
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы