Ақмола облысында жанармай цистернасынан шыққан өрт сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өртенген цистерна жалыны толығымен сөндірілді.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері қатысқан. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам, 3 қондырғы жұмыс істеді, оның екеуі - Нұр-Сұлтан қаласынан және 1-і - Аршалы кентінен.

Жолды полиция қызметкерлері жауып тастап, өрт сағат 19.21-де оқшауланып, сағат 19.41-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін, елорда маңындағы елді мекенде жанар-жағармай құю бекеті өртеніп жатқаны хабарланған еді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы