Ақмола облысында көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында теміржол көпірінен құлап, суицид жасамақшы болған 32 жастағы әйел құтқарылды. 

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

16 маусымда Макинка стансасындағы желілік полиция бөліміне теміржол вокзалының кассирі хабарласып, стансаның перронындағы теміржол көпірінде әйелдің суицид жасағалы тұрғанын айтқан. Айтылған жерге дереу Макинка бекетіндегі желілік полиция бөлімшесінің полицейлері Ғұмар Нұрикенов, Бауыржан Оразов және Абзал Оралов жетті. 

Тәртіп сақшылары әйелмен сөйлесіп, райынан қайтарды.

Біз күйзеліске ұшыраған адаммен диалог қажет екенін анық түсіндік, сондай-ақ ол секіріс жасаған жағдайда нақты шаралар қабылдау маңызды болды, - дейді полицейлер. 

Полиция бөлмесінде әйел сабырға келіп, онымен әңгіме жүргізілді. Сонымен бірге оған алғашқы медициналық және моральдық-психологиялық көмек көрсетілді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы