Ақмола облысында екі жүзден астам нысан «Ashyq» жобасымен жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 сәуірде өңірдегі бизнес субъектілері коронавирус инфекцияның таралу қаупін азайту бойынша «Ashyq» жобасына қосылды.


Қазіргі таңда облыс бойынша жобаға қатысу үшін 285 өтінім түскен, олардың 239-ы ресми түрде рәсімделіп, кәсіпкерлерге QR-кодтары берілді.

«Ashyq» жобасы іске қосылғаннан бері қосымшаның көмегімен Ақмола облысындағы қоғамдық нысандарға «сары» статусы бар 11, «қызыл» статусы бар 7 адамның өтпек болғаны анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы