Ақмола облысында «Бірдей болу міндетті емес» жобасы іске асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев мәлімдеді.

Өзге адамның қайғысына ортақтасатын және көмектесуге дайын тұратын адамдар легі жеткілікті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың зардап шеккеніне алаңдамай қарап тұру мүмкін емес. Ата-аналардың қандай жағдайда болатындығын елестетудің өзі қиын. Біздің қоғам ерекше күтімді қажет ететін адамдарға әрдайым біржақты қолдау көрсете бермейтіні одан да ауыр тиеді. Ақмола облысының орыс драма театры даму ерекшеліктері бар балаларға көмек қолын созудан тыс қалмайтындығын айтты. Біздің міндетіміз – мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, біз адамдардың денсаулық жағдайына қарамастан өздерін ешкімнен кем санамайтындай, еркін сезінуге жағдай жасау, - деді театр директоры Бақтыгереев.
Сонымен қатар ол театр ұжымы өздерінің жинақтаған тәжірибесімен бөліскісі келетінін және өзге де адамдармен тәжірибие алмасқысы келетінін айтты.


Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға бейімделуіне театр өнері атсалыса алады. Ақмола облысы орыс драма театрының атқару комитеті «Бірдей болу міндетті емес» жобасын іске асыруы осының бір дәлелі. Ерекше қажеттілігі бар балаларға икемделген «Үйшік» және «Бауырсақ» ертегісін «Kinder-Театр» алаңында сахналанды. Олар қойылым барысында тек көрермен ғана емес, өздері іс-шараға қатысып көңіл сергітті. Іс-шара барысында балақайлар ән айтып, би билеп, түрлі ойындарға қатысты. Психологиялық ерекшеліктері бар балалар үшін мұндай қойылымдар қуаныш сыйлайды, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы