Ақмола облысында басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысының «Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеу жүргізуде. Ол облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігінің аясына кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.
14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке қашан шығатынын хабарлады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы