Ақмола облысында әйел адам өз қызын пышақтап тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында әйел өзінің қызына пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Облыстық ПД баспасөз қызметі.

35 жастағы масаң күйдегі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Жедел тергеу амалдары кезінде анықталғандай, зардап шегуші өз үйінде анасымен қосылып арақ ішкен. Артынша, екеуара жанжал шыққан. Осы кезде анасы ас бөлмедегі пышақты алып, қызының арқа тұсынан сұғып алған, - деп жазылған хабарламада.
Күдікті қылмысын толық мойындады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы