Ақмола облысында алғаш рет дауыс берушілер мен туған күн иелеріне сыйлық берілді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында ауыл әкімдерінің сайлауында Егіндікөл және Сандықтау аудандарының тұрғындары белсенді дауыс берді.

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, Егіндікөл ауданында сайлаушылардың 82%-ы дауыс берген.

Жалпы облыс бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 59%-ы дауыс берді.


Біздің облыс бойынша сайлаушылар саны 100 111, алынған бюллетеньдер саны – 8 826. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 59%-ыы алды. Оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша – 82%, Степногорск – 52%, Ақкөл ауданы бойынша – 78%, Аршалы – 47%, Астрахань – 57%, Атбасар-67%, Біржан сал ауданы бойынша - 73%, Бұланды – 66%, Бурабай – 68%, Егіндікөл – 82%, Ерейментау – 45%, Есіл – 71%, Жақсы – 63% Жарқайың – 59%, Зеренді - 60%, Қорғалжын – 58%, Сандықтау – 76%, Целиноград – 59%, Шортанды – 64%, - деп хабарлады Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.

Сайлау өткізу кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін барлық сайлау учаскелерінде термометрия ұйымдастырылды, әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау жүзеге асырылуда, сайлау комиссиялары мүшелерінің 100% - ы вакцинаның бірінші компонентін алды, 71% - ында вакцинация паспорты бар.


Теріс ПТР-тестілеу болған жағдайда сайлау комиссиясының қалған мүшелеріне рұқсат берілді.

​ Сайлаудың қалай өтіп жатқаны туралы Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Семенюк айтып берді.

Оның айтуынша, ауылдық елді мекендерде барлығы 7594 сайлаушы бар. Бұл ретте бес әкімді сайлау тоғыз сайлау учаскесінде жүзеге асырылады. Әкімдер Қарабұлақ ауылында, Заводской және Бестөбе кенттерінде, Изобильное ауылында және Бөгенбай ауылдық округінде сайланады. Кейбір ауылдарда екі сайлау учаскесі, ал Бестөбеде тіпті үшеу бар. Учаскелер мектептерде, мәдениет сарайларында және ауылдық клубтарда орналастырылды. Бес орынға 15 әкім – әр учаскеде үш әкім үміткер. Олардың бесеуі партиялардан, 10-ы өзін-өзі ұсынушылар.

Барлық тоғыз учаске уақытында - 06:00-де жұмысқа кірісті, ал 07:00-ден бастап дауыс беру процесі басталды. Дауыс беру қалыпты, тыныш жүріп жатыр, учаскелерде бақылаушылар, сенімді адамдар бар, барлық санитарлық нормалар сақталған. Комиссияның барлық мүшелері, бұл учаскелік комиссиялардың 53 мүшесі және аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі, бізде егілді. Вакцинацияның тек бірінші компоненті болған адамдар кеше ПТР тестілеуден өтті, - деді сайлау комиссиясының төрайымы.


​ Бұл күні учаскелерде алғаш рет дауыс бергендер, сондай-ақ туған күн иелеріне шағын ынталандыру сыйлықтары берілді.

Көпшілік сайлау туралы оң пікірде. Бұл бастаманы Президент қолдады, өйткені халық өзі үшін әкімді сайлайды. Жергілікті қоғамдастыққа да «Мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң бойынша құқықтар берілген. Егер адамдар өз елді мекендерін басқаруға қатысса, бұған қуануымыз керек. Барлық учаскелерде тұрғындар ел басқаруға лайықты деп санайтын әкімді таңдап алады деп үміттенеміз, - деп түйіндеді Татьяна Семенюк.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында 218 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ауыл әкімдерін сайлауды 400-ден астам бақылаушы бақылап отыр. Сайлау штаттық режимде өтуде. ҚР заңнамасының ешқандай ескертулері немесе бұзушылықтары тіркелген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы