Ақмола облысында әлеуметтік дүкендер саны көбейеді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұрақтандыру қоры жұмысының арқасында азаматтар жаңа өнімді тауар өндірушілерден үстеме бағасыз сатып алуда. Халықтың осындай форматтағы сауда желілеріне қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік дүкендер санын көбейту жоспарланып отыр.

Инфляциялық процестерді тежеу үшін облыс орталығындағы «Kokshe» ӘКК базасында ашылған «Kokshe Market» дүкендерінде жергілікті өнімдер делдалсыз сатылады.
Пандемия кезіндегі баға саясаты халық көп тұтынатын азық-түлікке әсер етуде. Облыс орталығындағы «Kokshe Market» коммуналдық базарында тұрақтаныру қорының өнімдері босатылады. Алдағы уақытта Көкшетау қаласында қосымша екі әлеуметтік дүкен ашылады деп жоспарланып отыр. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларына іске асыруға 1 млрд 790 миллион теңге бағытталды. Бес әлеуметтік маңызы зор өнім бойынша 1142 тонна қор жинақталды. 1 175 тоннаға жуық өнім босатылды, - дейді  «Kokshe» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Жазина.

Облыс орталығында халық жиі тұтынатын өнім бағасын тұрақтандыру үнемі бақылауда. Ақмола облысында бөлшек саудада І сұрыпты ұнның бір келісі 148 теңгеден,  макарон өнімдері 215 теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ тізімге сиыр еті де енгізілген – бір келісі 1800 теңге. «Қамқор» базарындағы «Есіл» ӘКК павильонынан тұрақтандыру қорындағы ұн, өсімдік майы, «Гормолзавод» ЖШС-нің сүт өнімдерін төмендетілген бағамен сатып алуға болады

Облыс орталығындағы «Kokshe Market» коммуналдық нарығында тұрақтандыру қорынан картоп тың бір келісі 120 теңгеден босатылуда. Сатып алушылар да көп. Картоп тез бұзылатын өнім болғандықтан, сақтау қиын. Көп адамдар біздің картопты жеке тұлғалардың өнімімен шатастырады, бірақ тұрақтандыру қорында бағаны арнайы комиссия бекітеді және ол тұрақты. Бірінші тоқсанда, мысалы, картоптың  бір келісі 90 теңге болды. Сол сияқты тұрақтандыру қорынан тұрғындар сары майдың бір келісін 2375 теңгеге ала алады, - дейді Гүлмира Жазина.

Көкшетау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жеткішісі Андрей Подгурскийдің айтуынша, Көкшетау қаласы 19 өнім түрінің ішінен бидай наны жән сиыр етімен ғана қамтамасыз етіп отыр. Ұн, сүт, сүт өнімдері, картоп, сәбіз қалада 10-нан 40% дейінгі көлемде өндіріледі және тұрғындардың қажеттілігін толық қамтамасыз етпейді.

Жалпы, облыс орталығында 1 мыңнан астам сауда нүктелері, 4 азық-түлік базары, 17 супермаркет жұмыс істейді. Жыл басынан 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 10 атауы бойынша баға көтерілді.

Көптеген тауарлардың бағасы маусымдық, логистика, шикізат және нарықтық қатынастарды реттейтін басқа да факторларға байланысты. Кәсіпкерлік өкілдерімен өткен кеңестерде тауарларға, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 15%-дан аспайтын сауда үстемесін реттеу мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын. Айта кету керек, бағасы айтарлықтай өскен көптеген тауарлар импортталған. Саудагерлер сатып алу бағасына да тәуелді, олар оған әсер ете алмайды, нәтижесінде тұтынушы үшін түпкілікті құнға әсер етеді. Бұл жағдайдың бірден-бір жолы сауда үстемесі болып табылады, ол келіп түскен тауар құнының 15% – ынан аспауы тиіс, - дейді бөлім жетекшісі.

Көкшетаудың ірі сауда нысандарының иелерімен және жергілікті тауар өндірушілермен 19 келісімшарт жасалды.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларына 393 миллион теңге қаражат бөлінді. Оған осы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін азық-түлікті шекті баға бойынша жеткізу шарттарына қол қойылатын болады. Әкелінген тауарлар «Kokshe» ӘКК арқылы сатылатын болады. Мысалы, былтыр «Гормолзавод» «Блицтерминал», «BIOPROM TECHNOLOGIES» ЖШС-мен фирмалық дүкендерде шығарылатын барлық өнімді өзіндік құны бойынша сату туралы келісімге қол жеткізілді, - дейді Андрей Подгурский.

Өткен жылмен салыстырғанда өсімдік майының құны 100%-ға өсті. Сарапшылар мұны шикізаттың жетіспеушілігімен, Қазақстанда да, көршілес Ресейде де күнбағыс дақылдарының жетіспеушілігімен түсіндіреді. Бөлшек сауда бағасын жергілікті деңгейде реттеу мүмкін емес, өйткені сатушылардың өздері өнімді жоғары бағамен алады.

Бағаның шекті деңгейін көтеру фактілері анықталған жағдайда жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, қомақты айыппұлдар салынады.

Мамандар азық-түлік бағасы негізінен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің бағасының өсуіне байланысты қымбаттап отырғанын айтады.

Өткен жылы 15 757 гектар алқапқа картоп егілді. Биыл картоп егу алаңын бес мыңнан астам жерге ұлғайттық. Бұл шамамен 20,6 мың гектар. Көкөністер сақтау шығындарының өсуіне байланысты қымбаттады. Өнімді сақтау шығынының өсуі де бөлшек саудадағы өнім бағасына әсер етуде, - деп түсіндірді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкері Медет Досжанов.

Облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жол картасы жүзеге асырылуда.

Бірінші сұрыпты нанның бағасын төмендету және тұрақтандыру үшін Көкшетау қаласының 13 сауда нүктесіне және өңірлердегі 287 нүктеге қосымша әлеуметтік нан жеткізуді жолға қойдық. Сауда нысандарының иелерімен және сатушылармен қол жеткізілген келісімдер мен сауда үстемесінің 15 пайыздан аспайтын мөлшерін сақтау бойынша күн сайынғы баға мониторингі және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Шекті бағаларды белгілеуден басқа, тұрақтандырудың тағы екі тетігі қолданылады – өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және өндірілетін тауарлардың бағасын төмендету және тауар өндірушілерге займ беру, - дейді Еркебұлан Қалелов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы