Ақмола облысында 4 мектеп жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың жазғы кезеңінде оқушылардың жоқтығынан немесе санының аздығынан 4 бастауыш мектеп жабылды. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов айтты. 

Жабылған мектептердің қатарында Бұланды ауданының Ұлтуған және Елтай ауылдарындағы бастауыш мектептер, Бурабай ауданының Шиелі ауылындағы бастауыш мектеп, Шортанды ауданының Новопервомайка ауылындағы бастауыш мектеп бар.

Ұйымдарды жою тәртібі бойынша барлық іс-шаралар белгіленген тәртіппен өткізілді, оқушылар тасымалдауды ұйымдастырумен жақын маңдағы мектептерге бөлінді. Шектеу шаралары жағдайында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда, – деді Валерий Гамазов.

Валерий Гамазовтың айтуынша, биылғы жылдың 26-мамыры мен 19-маусымы аралығында оқушылардың білім алудағы олқылықтардың орнын толтыру үшін барлық тілек білдірген оқушыларға жазғы мектеп ұйымдастырылды.

Сонымен бірге 16-27 тамыз аралығында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша облыста оқыту сапасын арттыру мақсатында 10640 (8,2%) оқушы үшін 206 мектепте жазғы мектептің жұмысы жалғастырылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы