Ақмола, Қарағанды облыстарында мыңнан астам көлік жолда қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД дағдарыс орталықтарында жедел штабтар ашылды.
Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну) республикалық автожолдардың 15 учаскесі және 7 өңірде: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында облыстық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі жабылды. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы бекеттерде 1 128 техника, оның ішінде 209 жүк және 919 жеңіл техника тұр, – делінген хабарламада.
Ведомствоның аумақтық бөлімшелері кеше сағат 18.00-ге дейін омбы қарға батып қалған 275 жүк техникасын шығарып алған.
Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ЖАО және жол қызметтері барлығы 317 адам және 219 бірлік техника жұмылдырылды. Халыққа ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 48 СМС хабарлама жіберілді, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 44 хабарлама жіберілді, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Стенд атудан Қазақстан командасы күміс жүлдегер атанды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы