Әкімшілік соттардың талаптары күшейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин хабарлады. Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс өз күшіне енген.
4 ай ішінде әкімшілік әділет шеңберінде соттар 2 206 шешім шығарған. Қанағаттандырылған талаптардың үлесі 46%-ды құрады. Бұл бұрын заңда болмаған жаңа қағидаттарда соттың белсенді рөлі, құқық басымдылығы қағидаты, сенімге құқықты қорғаудың жұмыс істейтіндігін көрсетіп отыр, - деп атап өтті Қанат Мусин.
Сондай-ақ жаңа процестің ерекшелігі - әкімшілік органмен, лауазымды тұлғамен татуласу мүмкіндігі.
546 іс тараптардың достасуымен аяқталды, олардың басым көпшілігі судьялардың көмегімен болды. Ақша өндіріп алу – сот процесінің қатысушыларын тәртіпке келтіретін жаңа құрал. Нәтиже көп күттірмеді. Барлығы 175 ақша өндіріп алу, оның ішінде, 140-ы – жауапкерге салынды. Бұл 80%-ды құрайды. Бұрын АПК бойынша меморгандар жауапкер ретінде сотқа да келместен соттарды ұтып алатын. Қазір әкімшілік соттар барынша талапшыл, - деді сот алқасының төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы