Әкімшілік полиция: Заңдастырылған көліктердің орташа жасы 10-15 жыл

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері ««30 маусымға дейін 206 мың шетелдік көліктің заңдастырылғанын айттыңыз. Бұл көліктердің көбі ескірген. Жол қауіпсіздігін ушықтырмай ма? Осы көліктердің «орташа жасы» қанша?» деген сауалына полиция комитетінің төрағасы жауап берді.

Автокөліктердің жасы ұлғайған сайын, оның техникалық жағдай төмендей түседі. Сол себептен жол көлік апаты орын алуы мүмкін. Дегенмен, тіркелген көліктердің барлығы ескірген деп айта алмаймыз. Шығарылғанына шамамен 10-15 жыл болған. Жол-көлік апатының орын алуына бірнеше себеп бар. Жүргізушілердің дайындығы, автокөліктердің техникалық жағдайы, жол инфрақұрылымына байланысты. Ал утильалым мен бастапқы тіркеу алымы бойынша бірқатар шектеулер енгілізгеннен кейін біздегі көліктердің «жасы» 10 жылдан астам «қартайып» кеткеніне мен келісем. Иә. Өйткені халықтың қолында жақсы машина сатып алатын ақша жоқ. Утиль алымы мен бастапқы тіркеу алымының мөлшерлемесі шетелдік жақсы көлікті бірнеше есе қымбаттатып жібереді. Сондықтан біздің көлік паркі «ескіріп» кеткен шығар, – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы