Әкімдік улы газды анықтайтын 250 датчик алды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімдігі әлеуметтік осал топтағы отбасылар тұратын үйлерге орнату үшін улы газды анықтайтын 250 датчик сатып алды. Әкімдік бұл шараны аудандық ТЖ басқармасының қызметкерлерімен бірлесе ойластырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дерекке сәйкес, дабылқаққыш пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелері дұрыс орындалмаған жағдайларды, үй ішіне көміртегі тотығы жайылуын үздіксіз бақылайды. 2019 жылдан бері ауданда 920 құрылғы орнатылған.
ТЖБ қызметкерлері пешті қысқы кезеңге орай тексеру, дайындау шеңберінде көпбалалы отбасылар, жалғызбасты қарт азаматтар, әлеуметтік қорғалмаған отбасылар тұратын үйлерге дабылқаққыш орнатады.
Бұл – аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жергілікті атқарушы органдардың қосқан қомақты үлесі. Айтарым, дабылқаққыштар қаланың ғана емес, ауылдық елді мекендердің де тұрғын үйлерінде пайда болады, – деп атап өтті Алтай ауданының ТЖБ бастығы Алексей Оградов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы