Енді әкімдік көліктері дәрігерлерді тасиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен бүгін облыс әкімдігінің 30 қызметтік көлігі Ақтау қаласындағы емханаларға берілді.
Пандемия кезінде мобильдік топтағы учаскелік дәрігерлер тұрғындардың шақыртуына енді осы көліктермен барады. Емханалардағы көліктің жетіспеушілігін азайту үшін облыстық әкімдіктің қызметтік көліктері енді учаскелік дәрігерлерді таситын болады.
Қазіргі кезде әкімдік қызметкерлерінің бір бөлігі онлайн режимінде жұмыс істейді. Сол себепті, мемлекеттік қызметкерлер осы көліктер қазіргі кезде дәрігерлерге қажет деп санайды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, облыстық әкімдік көліктерді дезинфекциялауды, жанар-жағармай құюды, көлік жүргізушілерін жеке қорғаныш құралдарымен қамту және т.б. шығындарды өз мойнына алды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде мобильді топтардың санын 3,5 мыңға дейін арттыру керек деген болатын. Соған сәйкес Маңғыстау өңірінде де осындай топтар құрылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кәсіпкер ауруханаға 5 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы