Әкімдік: Екібастұзда әлі жиырма шақты үйге жылу берілген жоқ

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук жедел штабтың қаланы жылумен қамту бойынша ағымдағы ахуалы туралы өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта біз бірінші кезекте (станциядағы) қысымды көтердік. Қысым қазір 8,5 келіні құрап отыр. Яғни 1,5 келіге көтердік, әрі қарай көтеруді жалғастырамыз. Қысымнан кейін температураны да көтереміз. Мұның барлығы тұрғынүйлердегі параметрді ұйымдастыру үшін жасалуда. Станциядағы температура қазіргі уақытта 79,56. Кестеге сәйкес алдағы уақытта бұл тағы да көтеріледі, - деп атап өтті өңір әкімінің міндетін атқарушы. 

Айтуынша, дәл қазіргі уақытта қалада жиырмаға жуық үй жылусыз отыр. 

Жылу қосылмаған үйлерді саны 19-ды құрайды. Бұл қазір өте жақсы көрсеткіш. Жылу қосу жұмыстары әлі жалғасады. Батареялар да жеткілікті. Бәріне жетеді, - деді Олег Крук. 

Еске сала кетейік, 27 қараша күні Екібастұз қаласындағы жылу-электр орталығында орын алған апат салдарынан қала жылусыз қалған еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда жылу жүйесі қалпына келгенше қалатын болды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы