Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жасалады - Тоқаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкімдерін сайлауға қатысты ойын айтты.
Оның айтуынша, кадрлық ауыс-түйіс үздіксіз жалғаса беретін үдеріс. Лауазым мәңгілік дүние емес.
Жұмыстың жаңа талабына икемделе алмаған адамдар қызметтен кетуге мәжбүр болады. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Әкімнің бәрін ауыстыру менің негізгі мақсатым емес. Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жасалады. Негізгі талап – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан қажеттілік болса, тиісті кадрлық шешімдерді қабылдаймын. Міндетті түрде өзгерістер болады,-деді Тоқаев.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта әкімдерді сайлау үрдісі енгізілетінін айтты.
Мен 2020 жылы халыққа Жолдауымда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау туралы айттым. Көп ұзамай ауыл әкімдерін сайладық. Былтырғы Жолдауымда «Келесі қадам – аудан әкімдерінің сайлауы» деп айттым. Оны 2024 жылы өткіземіз. Бәлкім, пилоттық жоба ретінде келесі жылдан бастасақ, орынды болар,-деді ол.