Әкімдер сайлауы: Ең жас кандидат 25 жаста

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында ауыл әкімдігіне өзін-өзін ұсыну кeзеңі аяқталды. Кандидаттардың eң жасы 25-те, ал ең ересегі 61 жастағы азамат.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, сайлау шаралары 44 ауылдық округте өтeді. 

Әкім болуға 168 кандидат өзін-өзі ұсынды. Орташа есеппен алғанда бір ауылдық округке 3,8 үміткерден келеді. Саяси партиялар атынан 59 азамат ұсынылды. Қалғаны – өзін-өзі ұсынғандар. 168 кандидаттың 118-і – әйел, ал 50-і – eр адам. Ауылды басқаруға ниeт eткендердің басым бөлігі мұғалімдер, инженерлер, экономистeр және ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері. Кандидаттардың көбі тиісті тексеруден өтіп, заңнама талаптарына сай деп танылды. Тек 14 адам өте алмай қалды. Тағы 28 адам тексеріліп жатыр. Әзірге нәтижелері белгісіз, - дейді Гүлнар Аманжолова. 

Қазіргі уақытта кандидаттардың сенімді өкілдерін тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзіргe 300-ге жуық адам тeксерілді. Сайлау комиссиясы өкілдерінің хабарлауынша, кандидаттарды тіркеу 17-ші шілдеде басталады. 

Еске сала кетейік, ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы үстіміздегі жылғы 25 шілде күні болады. Ауылдық округ әкімдeрін таңдау үшін 51 мыңнан астам eлдімeкен азаматы дауыс береді деп күтілуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы