Әкім уәдесін орындауға кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдау күнінде көтерілген мәселелерді шешуге кірісті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар Қарағанды қаласын абаттандыру бойынша бірқатар мәселелерді көтерген болатын.

Осыған байланысты бүгін облыс орталығының бірнеше проблемалық жерінде болып қайттым. Құрманғазы көшесінің тұрғындары көктем мезгілінде үйлерін су басатынын айтып, шағымданған еді. Аталған мәселені шешу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырдым. Сондай-ақ, "Трилистник" тұрғын үй кешенінде үйлердің бірі сапасыз салынған. Енді жарықшақтың пайда болуына байланысты мердігер өз есебінен демонтаждау жұмыстарын жүргізуде. 

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары ұзақ мерзімге созылып кеткен "Шапағат" және "Панель Центр" тұрғын үй кешендері бойынша тұрғындар тарапынан мәселелер көтерілген болатын. Қазіргі уақытта жаңа құрылыс жүргізетін компанияны анықтау үшін байқау жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар келесі жылы аяқталатын болады, - деп жазды Жеңіс Қасымбе.

Аймақ басшысы, сондай-ақ жергілікті жарықтандыру жүйелерін шығаратын "Энергосистемы ELTO" ЖШС болып қайтты.

Аталған кәсіпорын 400-ден астам өнім түрлерін шығарады және өндіріс көлемін одан әрі ұлғайтуға әзір.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы