Әкім: Қостанайда жыл сайын 10 сүт фермасын ашамыз
Қостанай облысында жыл сайын 10 сүт фермасы ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, облыстың алдын мал шаруашылығын дамыту міндеті тұр.
Сүт және сүт өнімдері бойынша импорттың үлесін азайтып, өзіміздің өндірісті ұлғайту мақсатында алдағы уақытта 20-дан астам өнеркәсіптік тауар-сүт фермасын салу жоспарда бар. Келешекте жыл сайын ең кемінде 10 жаңа тауар-сүт фермасын салуды жоспарлап отырмыз. Жобаларды іске асыруға 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылатын болады. 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады, - деді өңір басшысы.
Сонымен қатар ол осы 20 тауар-сүт фермасы бар шаруашылықтарда өнім көлемі 30%-ке ұлғаяды деп отыр.
Сондай-ақ сүт өңдеуші зауыттардың қосымша жүктемесі 70%тен 86%-ке дейін өседі, - деді әкім.