Әкім орынбасары бір күн ғана жұмыс істеп, қызметтен кетті
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов бір күннен кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Шопанов бұл қызметтен өз еркімен кеткен.
Әсет Шопанов 3 наурызда әкімнің орынбасары болып тағайындалды. Алайда 4 наурызда өз қалауымен қызметінен кетті, – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылдың шілде айында Шопанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, 15 тәулікке қамалған болатын. Сонымен қатар сот шешімімен ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы маңында жеңіл көлік рельстер арасында тұрып қалды
Келесі жаңалық
Тағы үш аймақта әуежай ашылатын болды
Өзгелердің жаңалығы