Әкім мен халық кездесуі : 2022 жылы 47,6 мың мәселе шешімін тапқан

2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдер халықпен 28,3 мың кездесу өткізді. Онда 63 мың мәселенің басы ашылып, 47,6 мыңы шешімін тапты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Талдау нәтижесінде, орталық мемлекеттік органдар деңгейінде  шешуді талап ететін 6 мәселе іріктеліп алынды. 2022 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша орталық деңгейде шешуді талап ететін 14 мәселе анықталды. Оның ішінде 5 сұрақтың шешімі орындалып, 6 мәселенің шешімі мемлекеттік органдардан талқылау барысында қолдау таппады. Шешімі ұзақ мерзімді талап ететін  3 мәселе қарастырылу сатысында, -деді Әлбек Қуантыров.

Оның атап өтуінше,  2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдер халықпен 28,3 мың кездесу өткізді. 
Онда 63 мың мәселенің басы ашылып, 47,6 мыңы шешімін тапты. Бұл 75,5 пайыз көрсеткіш.

Министрлің дерегінше, мәселелерді шешу бойынша көрсеткіш келесідей:

- Ақтөбе облысы – 94,7 пайыз;
- Қостанай облысы – 93 пайыз;
- Алматы қаласы – 92,8 пайыз.
Ал төменгі көрсеткіштер:
- Алматы облысында. Бұнда мәселелердің тек 28,5 пайыз ғана шешілді;

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет
Өзгелердің жаңалығы