Әкім көкшетаулықтарға ұнайтын жаңалығын айтты

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов биыл Көкшетауда ЖЭО-ның құрылысы басталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бурабайда IV Ұлттық құрылтайдың аясында тақырыптық секциялар өтті. Отырыстан кейін облыс әкімі журналистердің сұрағына жауап берді.

Биыл Көкшетау қаласында Жылу электр орталығы (ЖЭО) құрылысын салуды бастаймыз. Қазақстанда өзінің ЖЭО-сы жоқ екі облыс орталығы бар. Соның біреуі – Көкшетау, – деді әкім.

Марат Ахметжанов Жылу электр орталығы болжаммен 2028 жылы аяқталатынына сендірді.

Жоспар бойынша жоба 36 айда салынады, – деп айтты Ақмола облысы әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы