Әкім дарынды оқушылармен бірге Димаштың әніне тренд түсірді

Алматы облысының әкімі жас жеткіншектермен бірге Димаштың әніне тренд түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дарынды оқушылармен бірге Димаш Құдайбергеннің әніне заманауи тренд түсіріп, көпшіліктің назарын аударды. Бұл ерекше сәттің видеосын облыстық білім басқармасы жариялады.

Әкім халықаралық және республикалық деңгейде топ жарған оқушылармен кездесіп, оларды арнайы марапаттаған. Жүздесуде тек марапаттау рәсімі ғана емес, жастарға шабыт сыйлаған жарқын эмоциялар мен заманауи ритмге құрылған шығармашылық сәттер де көрініс тауыпты.

Алматы облысының әкімі, Марат Елеусізович, дарынды оқушыларды марапаттап, жастардың талантын ерекше бағалады. Керемет деңгейде ұйымдастырылған іс-шара үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Осындай қолдау – болашаққа жол ашады, – деп жазды желі қолданушысы Салтанат Рысбекова.

Қазіргі таңда Димаш Құдайбергеннің әндері тек ел ішінде ғана емес, халықаралық аренада да трендке айналғаны белгілі. Облыс басшысының заман ағымына сай жастармен бірге белсенділік танытуы көпшілікті қуантты.

Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің балалары трендтен де, білімнен де қалыс қалмайды! – деп пікір білдірді Мақпал есімді желі қолданушысы.

Оқушылардың білімге, өнерге және заманауи бағыттарға деген қызығушылығын қолдап, рухани демеу көрсеткен әкім мен ұйымдастырушыларға ата-аналар мен қоғам белсенділері алғыстарын білдіруде.

Айта кетейік, жақында Астанадағы №58 мектеп-гимназияның директоры Ақмоншақ Нұртаза Димаштың орындауындағы "Тау ішінде" әніне арналған челленджде жеңіске жетіп, Лондонға жолдама ұтып алған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы