Әкім: Биыл Абай ауданында 250-ден астам отбасы баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін мен Абай ауданына жұмыс сапары барысында Абай қаласындағы көпсалалы колледждің жаңа ғимаратында болдым. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деді.
Онда былтыр облыстық бюджет есебінен оқу ғимараттары мен зертханалар жөндеуден өткізілген болатын. Колледж базасында «Жас маман» республикалық жобасы жүзеге асырылуда. Соның арқасында облыстық колледж заманауи ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарына ие болды. Сондай-ақ, колледжде кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы, құзыреттілік орталығы мен ақпараттық технологиялар орталығы бар - деп жазды өңір басшысы өз парақшасында.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Абай қаласында жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлерге арналған 80 пәтерлік ірі панельді екі үй салынуда.
Несиелік үй наурыз айында пайдалануға беріледі. Жалға берілетін үй тамызда дайын болады. Топар ауылында 18 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы, биыл аудан әлеуметтік баспана кезегінде тұрған 250-ден астам отбасына пәтер беруді жоспарлап отыр. Топар кентінде аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары қалай жүргізілгенін көрдім. Былтырғы жылы мұнда 3 ғимараттың шатыры мен қасбеті жөнделді, сонымен қатар аумағы абаттандырылды. П.Корниенко атындағы қосымша білім беру мектебі Топар кентінің мектеп оқушыларын қызықтырып отыр. Екі жыл бұрын мұнда 3D модельдеу, бағдарламалау, электроника, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, автомобиль бизнесін оқытуға арналған технопарк ашылды. Онда тіпті химиялық және биологиялық зерттеулерге арналған жеке оқу зертханасы бар - дейді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, биыл Абайдың мектептері мен орталық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізу, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен сорғы станцияларын қайта жаңарту күтілуде.
Аудан әкіміне жұмысты тиімді және уақытында жүргізуді, аймақ саласын одан әрі әртараптандыру үшін жаңа инвестициялар тартуға назар аударуды тапсырдым - дейдіЖеңіс Қасымбек.