Әкім Атырау облысында шешімін таппай отырған проблемаларды атады
Атырау облысында шешімін таппай отырған проблемалар белгілі болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Денсаулық саласында көптеген көрсеткіш бойынша жақсы нәтижелер бар. Бірақ шешілмей тұрған мәселелердің бірі – тозығы жеткен инфрақұрылымдар мен медицина кадрларының тапшылығы. Сол себепті бұл бағытта да жұмыс істеп жатырмыз, - деп айтты Шәпкенов брифингте.
Оның айтуынша, биылдың өзінде Құлсары қаласында Орталық аурухана мен дәрігер амбулаториясының құрылысы аяқталады.
Атырау қаласында екі жаңа емхана мен жедел жәрдем станциясының құрылысы биыл басталады.
Аудандар мен ауылдық жерлерде 18 медициналық нысан салынады. Оның 5-еуі биыл басталады.
Қазіргі таңда Атырау қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер мен перинаталдық орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы