Әкім «Алтын Орда» базарында тексеріс қашан аяқталатынын айтты

«Базардағы қазіргі жай-күйі мен тексеріс барысы қалай жүріп жатыр?» деген сауалға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде «Алтын Орда» базарында тексеріс жүргізіліп жатыр. 2 маусым күні базар басшыларының бірі құрықталған еді. Менің білуімше, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Базардағы бағаның тұрақтылығы жыл сайын қатаң қадағаланады. Заң бұзушылық фактілері де анықталды, - деді ол.

Әкімнің айтуынша, базардың жағдайы мемлекет тарапынан шешіліп жатыр.

Бұл базар тек Алматы облысы мен қаласынан бөлек, еліміздің әр өңіріне тауар тасымалдайды. Сол себепті тексеруге 10-нан астам мемлекеттік орган өкілдерінен құралған ауқымды комиссия құрылды. Біздің мақсатымыз – тергеу мен тексеру жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, стационарлық орталық құру ,– дейді Марат Сұлтанғазиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы