Әкім әлем чемпионы атанған «Ильяның ізбасарын» құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда еліміздің Әнұранын шырқатқан Рахат Бекболатты сыр жұртшылығы атынан жеңісімен құттықтаймын, деп жазды Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова. 

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі дүбірлі бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 102 келіде өнер көрсеткен Рахат Бекболат қоссайыс нəтижесінде 377 келіні (175+202) көтерді, - деп жазды ол. 


Ол былтыр Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасында өткен Әлем кубогында жеңімпаз атанғаны белгілі

Әкім ертең 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғайтын Айсамал Сансызбаеваға сәттілік тіледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы