Ахметбеков: Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тілегім келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауына қатысқан, Қазақстан КХП төрағасы Жамбыл Ахметбеков әлеуметтік сауалнама – экзит- поллдың нәтижесіне қатысты пікірімен бөлісті.
«Экзит-поллдың алдын ала нәтижесін қарап отырмын, тәжірибе көрсеткендей экзит-полл мен Орталық сайлау комиссиясының қорытындысының арасында үлкен алшақтық болмайды. Демек осы тұрғы да қарастыруға болады. Жалпы, сайлау барысында біздің штабтың қызметкерлері ешқандай заң бұзушылық тіркемеді. Сайлау қорытындысын да күткен дұрыс шығар, дегенмен экзит-полл нәтижесімен арасында үлкен айырмашылық болмаса, сайлау әділ өтті деуге әбден болады», - деді Жамбыл Ахметбеков.
Айта кетейік, экзит-полл нәтижесі бойынша Қазақстан КХП атынан үміткер ретінде ұсынылған Жамбыл Ахметбеков 3,86% сайлаушылардың даусын жинады.
Сонымен қатар, ол әлеуметтік сауалнама– экзит-полл дың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тіледі.
«Сөз басында айтып кеткенімдей, экзит-полл мен ОСК қорытындысының арасында үлкен алшақтық бола бермейді. Біз тәжірибелі мамандармыз деуге болады, парламенттік, президенттік сайлауға бұған дейін қатысқан болатынбыз. Сол тәжірибеме сүйене отырып Қасым Жомарт Тоқаевқа табыс тілегім келеді. Демек оның бағдарламасы сайлаушыларға жақын болды деген сөз. Осыған қарамастан жеңіске жеткен үміткерге қарсы шықпастан өз бағдарламамызды қатар алып жүретін боламыз», - деді сөз соңында Жамбыл Ахметбеков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талғат Қалиев: Еxit-poll-да елдің көбі Тоқаевқа дауыс берді
Өзгелердің жаңалығы