Әкесінен жүкті болған оқушы дағдарыс орталығына орналастырылды

Аталмыш дерекке қатысты тергеу барысы Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауына алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өңірде болған сұмдық жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, туған әкесінен зорлық-зомбылық көріп, жүкті болып қалған 7-сынып оқушысына тиісті көмек көрсетіледі.

Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдай анықталуда. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған және оған тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы