Әкесін өлімші етіп ұрып-соққан ер адам сотта жылап, халықтан кешірім сұрады

Түркістан облысы, Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде соққыға жықты деп айыпталған ер адамға қатысты дау соңына таяп қалды. 15 қаңтарда айыпталушы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сот отырысы барысында айыпталушы эмоциясын баса алмай жылап жіберді. Ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, қоғамнан кешірім сұрады.

Мен барлығының алдында кешірім сұраймын. Барлық қазақ халқынан кешірім сұраймын. Өз әрекетіме өкінемін. Туған-туыстардан кешірім сұраймын. Ашуға берілдім. Өмір бойы өкінетін боламын. Қателестім. Барлық мұсылман халқынан кешірім сұраймын. Мені түсініп, кешіріңіздер. Кінәмді толық мойындаймын, – деді ер адам сотта.

Бұған дейін прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азамат қамауға алынғанын хабарладық. 

Сондай-ақ, ер адамның өз әкесіне деген қатыгездік көрсетуіне психологиялық тұрғыдан не себеп болуы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы