Әкемтеатр – елордада!
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры елордаға гастрольдік сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Театрсүйер қауым қойылымдарды Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрында көре алады. Әкемтеатрдың гастролдьдік сапары 1-7 мамыр аралағына дейін жалғасады. Театр әртістері әртүрлі жанрдағы 7 қойылымды ұсындады.
Өнер халықтікі. Халықтың алдында мұндай гастролдік есеп беру біздің міндетіміз. Еліміздегі театрлардың бір-бірімен алмасып, есеп беруі баяғыдан келе жатқан үрдіс, дәстүр. Бұрындары тек елімізде ғана емес шет елдерге де шығып тұратын едік. Қазір сол азайып тұр. Басқа елдерде театр өнері қалай дамып жатқаны жайлы білім тұруымыз керек. Тәжірибе алмасуға әртістерімізді жіберіп, келген кезде көрген-түйгенінен есеп беретін. Сондай кезеңдерді өсу дәуірі деп айтуға болады. Қойылымдар тек қазақ халқы үшін емес әлемдік деп кірісу керек,-дейді Асанаәлі Әшімов.
Сондай-ақ Асанәлі Әшімов әкемтеатрдың жауапкершілігі жоғары екенін жеткізді.
Облыстағы театрларға көмегімізді тигізіп тұруымыз қажет. Соларды өзіміздің театрға шақырып, қойылымдарын көріп тұрамыз. Мұның бәрі керек дүние,-дейді КСРО және Қазақстанның Халық артисі Асанәлі Әшімов.
Айта кетейік, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры көрермендер үшін 2 мамыр күні Бернард Шоудың «Сүйікті менің періштем», 3 мамыр – Абайдың қара сөздері желісімен жазылған «Қара» драмасын, 4 мамыр – Александр Володиннің «Қоштасқым келмейді» драмасын, 5 мамыр – Бертольт Брехтің «Пері қатын» драмасын, 6 мамыр – Әбдіжәмілл Нұрпейісовтің «Қан мен тер.Ақбала» трагедиясын, 7 мамыр – Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» драмасын ұсынады.