Әкелері қайтыс болғанын 4 айдан кейін естіген: Сот шетелдегі қыздардың мұрагерлік құқығын растады
Сот Норвегияда тұратын мұрагерлердің құқықтарын қорғады.
Тараз қалалық соты қайтыс болған адамның екі қызының мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.
Сотта талап қоюшылар Норвегияда тұрақты тұратындығын, 2024 жылдың қазан айында қайтыс болған әкесінің қайтыс болғаны туралы тек 4 айдан кейін ғана білгендерін түсіндірген.
Құжаттарды рәсімдеу кезінде талап қоюшылар бюрократиялық сипаттағы кедергілерге тап болды. Нотариус мұрагерлердің тегі ағылшын тілінде көрсетілген сенімхаттарды қабылдаудан бас тартқан. Осыған байланысты нотариус оларға мұрагерлік құқығы туралы куәлік беруден де бас тартты, - делінген Тараз қалалық сотының хабарламасында.
Сот талап қоюшылардың жауапкермен бірге бірінші кезектегі мұрагерлері болып табылатынын және бірінші кезектегі басқа мұрагерлердің жоқ екенін анықтады.
Жауапкер (мұрагердің үшінші қызы) талап қоюды толық мойындап, оны қанағаттандыруға қарсы болмады.
Сот, ұсынылған дәлелдемелерді бағалай отырып, мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп таныды. Өйткені талап қоюшылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрады. Мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы мәліметтерді уақтылы алмаған және құжаттарды ресімдеу кезінде объективті кедергілерге тап болған.
Сот шешімімен талап қоюшыларға мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді және олар әкесі қайтыс болғаннан кейін мұраны қабылдады деп танылды. Шешім заңды күшіне енді, - деп жазылған хабарламада.
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40
- Қазақстанда алғаш рет: Алматының қалалық кардиоорталығы JCI аккредитациясын алды 20:10