Әкелер күні: елордада жас отбасыларға шеберлік сағаты ұйымдастырылды

Елордада Әкелер күніне орай жас отбасылар үшін қыш құмыра жасау бойынша шеберлік сағаты өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Шеберлік сағаты «Отбасы – бақыт мекені» іс-шаралар кешенінің аясында ұйымдастырылды. Artumar орталығында өткен шеберлік сағатына 35 жастан аспаған ерлі-зайыптылар қатысты.
Шара отбасындағы ауызбіршілік пен сыйластықты арттырып, өзара түсінісу мен ортақ көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Шығармашылыққа толы шеберлік сағатында жас отбасылар өз қолдарымен құмыра жасауды үйренді.
Әкелер күнінің негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, мен «ынталы ата-ана болу» идеясын насихаттау.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы