Ақауы бар 19 автобус жолаушылар тасымалдаумен айналысқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында екі күн ішінде адам тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген 488 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

«Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында автобустардың техникалық жағдайы, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуі, тіркеу құжаттарының болуы тексеріледі. Екі күн ішінде автобус және маршруттық такси жүргізушілері жол берген жол қозғалысы ережелерін бұзудың 488 фактісі анықталды, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов. 

Полиция қызметкерлері техникалық ақауы бар көлік құралдарын жолға шығарған 13 лауазымды тұлғаның да әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Ал ақауы бар автокөлікті пайдаланғаны үшін 19 автобус жүргізушісінен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынған.

Мысалы, таксопарктердің бірінің директоры жазғы резиналы таксиді рейске шығарған. Директорға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы (Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар) бойынша әкімшілік іс қозғалды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. «Вольво» маркалы автобустың тағы бір жүргізушісі тиісті құжаттарсыз жолға шыққан. Автобус жүргізушілері жолаушыларға қосымша орындықтар қоятын немесе керісінше алып тастайтын жағдайлар бар. Ал рұқсат жоқ. Тиісінше, біз оларды анықтаймыз және әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Бұл жағдайда жүргізуші 15 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндетті болады, – деп атап өтті Қуаныш Хажетұлы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚР СІМ мәлімдеме жасады
Өзгелердің жаңалығы