Ақан Сатаевтың жемқорлар туралы ролигі желіде қызу талқыланып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал режиссер Ақан Сатаев жемқорлар туралы «Беруны и несуны» ролигін түсіріп, өз әлеуметтік желісіне жариялады. 

Белгілі болғандай, роликтің бюджеті бар-жоғы 50 мың теңгені құраған. Бұл әлеуметтік роликті ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арнап түсірген.

Кинорежиссердің Instagram-дағы парақшасында жарияланған видео кеңес заманындағы «В мире животных» телебағдарламасының стилінде жасалған. Естеріңізде болса, бұл бағдарлама жануарлар мен зоология әлеміне арналған қызықты жоба болатын. Кадрдағы дауыс ресейлік журналист Николай Дроздовтың даусына өте ұқсас. Ол роликтегі көріністі сипаттай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмысының басты рөлін сомдайтындарды «Беруны» және «несуны» деп атайды.


Ақан Сатаев жариялаған жазбасының астына бұл роликті түсіру идеясын бизнесмен Гафур Ихсаннан алғанын айтты.

Менің жақын досым, белгілі бизнесмен Гафур Ихсан бірде отырғанымызда Берун мен Несун туралы әзіл ойлап шығарды. Кейіннен мен телефонды алып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арнап әлеуметтік ролик түсіруге бел будым. Өзім роликтің продюсері, сценарисі әрі режиссері болдым, - деп жазды Сатаев.

Желі қолданушылары Сатаевтың ролигінің астына түрлі жазба қалдырған. Біреуі қандай керемет фильм десе, екіншісі бұл соңғы уақытта көрген ең жақсы дүние деп жатыр. 

Арасында әзіл аралас жазбалар да бар. Мәселен gothic_paranormal есімді желі қолданушы Берун мен Несунды ұстаған спецназды хватуны деп атау керек дейді.

Ал anarka_72.11 есімді әйел қылмысты біліп тұрып айтпағандарды молчуны деп атау керек деп санайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы