1 Сәуір 2024 2024, 16:33
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Академия курсанттары су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты
Бұл туралы ТЖМ ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ТЖМ ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы жылдың 31 наурызында Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка ауылындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға Азаматтық қорғау академиясының 25 курсанты тартылды.
Ауылда 1050 адам тұрады. 3 үйді су басу қаупі бар, оларға іргелес аумақта қаптарды толтыру және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1000-ға жуық қап инертті материал төселіп, жиналды, - деп хабарлады ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Академияның құрама отряды 28 наурыздан бастап су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда.