Академик Өмірзақ Айтбайұлы өмірден озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы бұл жалғаннан өтті.
Отбасына, қара орман халқына қайғырып көңіл айтамыз. Ағалық аялы алақаны мен қазағына жасаған қалтқысыз қызметі үшін мың тағзым!Өмірзақ Айтбаев (1936) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған.
1959-1962 жылдары - "Социалистік Қазақстан" газетінің әдеби қызметкері.
1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер.
1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры.
1997-1998 жылдары - Қ.А.Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры.
1999 жылдан - "Қайнар" университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.
1989 жылдан - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан - бірінші президенті, 2004 жылдан - президенті.
"Құрмет", "Парасат" ордендерімен марапатталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы