«Ақ жолдың» партиялық съезі қашан өтетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезі биылғы жылдың 20 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының филиалдары төрағаларының қатысуымен өткен партияның Орталық Кеңесінің пленумында осындай шешім қабылданды. Отырысты онлайн режимде партия төрағасы Азат Перуашев өткізді.
Съездің өтетін орны мен күн тәртібіне қатысты ұсыныстарды дайындауды партияның орталық аппаратына тапсырамыз. Алдағы Съездің форматы коронавирусқа, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты таңдалады. Филиалдарға сайлауалды бағдарлама жобасы жіберіледі. Өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды дайындауды сұраймын – деді Азат Перуашев.
Сондай-ақ, Орталық Кеңес съезд күн тәртібінің үш мәселеден тұратын жобасын бекітті. Олар: Партияның Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына қатысуы туралы, партиялық тізімдерді бекіту туралы, партияның сайлауалды бағдарламасының жобасы туралы.
Партия басшылығы 24/7 режимінде «non-stop» жұмыс тәртібіне көшті, сондықтан бәріңіздің байланыста болып, ағымдағы және ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешулеріңізді сұраймын, – деді Азат Перуашев партиялас әріптестеріне.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавл қаласы карантинге жабылады
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы