«Ақ жол» мүшелері Қарағандыдағы бірқатар кәсіпорынды аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Дәния Есбаева, ECOJER экологиялық бастамалар Қауымдастығының атқарушы директоры Рамазан Жампейісов және ЕҰУ жанындағы «Алаш» институтының директоры Сұлтан -Хан Аққұлы Қарағанды облысында болды. 


 

Партияның жергілікті филиалының төрағасы Ермек Әбілдинмен бірге олар Қарағанды, Теміртау және Абай қалаларындағы бірқатар кәсіпорында басшылықпен, еңбек ұжымдарымен кездесті. 

Партия мүшелері жұмыскерлерді әлеуметтік жағынан қорғау, отандық өндірушілер мен кәсіпкерлікті қолдау туралы ойларын ортаға салды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы