АИТВ жұқтыру дерегі өсті
Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандар саны өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кейінгі жылдары қауіпті дерттен көз жұмғандар азайғанымен, ауруға шалдыққандар биылдың өзінде 2 мыңға жетті. Бұл туралы Хабар24 жазды.
Қазақстанда қанынан ВИЧ инфекциясы анықталған 30 мыңнан астам адам бар. Соның 28 мыңы СПИД орталығында тіркеуде тұр. Оларға медициналық көмек тегін көрсетіледі. Бұрын қауіпті дерт көбіне есірткіге тәуелді нашақорлардан таралса, қазір вирусты жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар күрт көбейген. Сондықтан мамандар сақ болуға шақырады.
Қазіргі заманауи препараттардың арқасында ерте анықталған жағдайда ем домын уақытылы жасаған кезде адамның адамның организіміндегі вирус анықталмайтын деңгейге дейін жетеді. ВИЧ инфекциясы көбіне симптомсыз жүреді. Клиникалық симтомдары болмайды. Алғашқы симптомдары өз өзінен температура көбеюі байқалады. Оны анықтаудың жалғыз жағдайы АИТВ тест тапсыру, - дейді АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы.
Мамандар аталған дерттің алдын алу қажеттігін айтады. Мәселен ғаламторда оның қауіптілігі жайлы ақпараттық бейнежазбалар тарату маңызды.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл індет әйелдерге қарағанда ер-азаматтардан көп анықталады. Бірақ созылмалы аурумен толыққанды өмір сүруге, отбасын құрып, бала сүюге де болады. Тек дертті асқындырып алмас үшін алдын ала тексеріліп, дәрігер тағайындаған дәрілерді уақтылы ішіп отыру керек.