АИТВ жұқтырған әйелдердің дүниеге дені сау бала әкелуге мүмкіндігі бар – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі күні диспансерлік есепте АИТВ диагнозымен 1520 адам тұр.

Оның ішінде 18 жасқа дейінгі 17 пациент бар. Жоғары тиімді антиретровирустық терапияны енгізу арқылы біздің әйел пациенттеріміз көбінесе жүктілікті жоспарлап, дүниеге дені сау балаларды әкелуге мүмкіндігі бар. 1997 жылдан бастап әйелдер арасында 233 босану тіркелді. 174 бала дені сау бала ретінде есептен шығарылды, қалғандары алгоритмге сәйкес 2 жасқа дейін бақылауда. АИТВ оң мәртебесі бар 15-тен астам әйел үш немесе одан да көп рет жүкті болып, дені сау балаларды дүниеге әкелді. Олардың барлығы жүктілікке дейін және жүктілік кезінде міндетті түрде АРТ қабылдады, - деп атап өтті орталықтың басшысы.

Сондай-ақ орталықта науқастарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде жұмыс істеп тұр.

Қалалық ЖИТС орталығы Қазақстанда АИТВ-инфекциясының таралуына тұрақты ұлттық жауап беру мақсатында халықтың осал топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың алдын алу, күту және қолдау қызметтеріне қол жеткізуін кеңейту арқылы 2021-2023 жылдарға арналған АИТВ компоненті бойынша Жаһандық қордың грантын алды. Грант аясында біз алдын алу қызметтерін, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға күтім мен қолдау көрсететін 3 ҮЕҰ-мен жұмыс атқарамыз. Грантты іске асыру әлеуметтік қорғалмаған топтарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуге көмектеседі. Себебі көптеген аутрич-қызметкерлер халықтың негізгі топтарының өкілдері болып табылады және тұрақты табысы жоқ. Нәтижесінде 44 аутрич-қызметкер (ЖИТС орталығынан 16 аутрич) жұмыспен және жалақымен қамтамасыз етілді, - деді Сәбит Әбдірайымов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы