АИТВ-ға шалдыққан Шахтинск тұрғыны әйеліне қасақана ауру жұқтырған
Өкінішке қарай әйел ауыр дерттен көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өкінішке қарай әйел ауыр дерттен көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шахтинск қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот 2015 жылы ер адамға АИТВ диагнозы қойылғанын анықтады. Емдеуден жалтарып, басқаларға жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы оған ескертілген.
Ол 2016-2023 жылдар аралығында ауруын ескертпестен бір әйелмен бірге тұрған. Салдарынан ол жәбірленушіге АИТВ инфекциясын жұқтырған, соның салдарынан әйел адам қайтыс болған. Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды. Жәбірленушінің өліміне АИТВ-инфекциясы себеп болған. Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Соттың шешімі Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-бөлігінің санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Ауырлатылған мән-жайлар – қылмыс ауыр зардаптарға әкеп соқтырған – жәбірленушінің өлімі деп танылады. Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 118-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.