Әуе компаниясының мәліметінше, Астана мен Қарағанды қалаларындағы күрделі ауа райы жағдайына байланысты ұшаққа қону мүмкін болмаған. Осыған байланысты әуе кемесі Алматы әуежайына қайтарылған.
Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшақ Алматыға кері қайтты. Қазір Астанаға қайта ұшуға дайындалып жатыр, – делінген компания хабарламасында.
Қазіргі уақытта ұшақ Астанаға қайта ұшуға дайындалып жатыр.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.
Астана мен Қарағандыда жаңбыр, найзағай және екпіні секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел болады деп болжанған.