Кеше 2026, 23:14
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Air Astana Медина және Джидда қалаларына репатриациялық рейстерді жоспарлап отыр
Сонымен қатар компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады.
Air Astana Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және Джидда бағытына репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысыр авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына 2 репатриациялық рейс және Джидда бағытына 2 рейс орындауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады. Бұл бағыттарға билеттер 13 наурызға дейін (қоса алғанда) сатылмайды, - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы аймақтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылап, жолаушыларды ықтимал өзгерістер туралы жедел түрде хабардар ететінін мәлімдеді.