Air Astana-ның табысы 140 млрд теңгеге төмендеуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы ұлттық әуе тасымалдаушысының табысы 140 млрд теңгеге немесе 33%-ға төмендеуі мүмкін.

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz
 

Егер жоспарлы көрсеткіштер туралы айтар болсақ, биылғы жылы "Air Astana" табысы 140 млрд теңгеге немесе 33%-ға төмендейді. Ал "Qazaq Air" компаниясының табысы 6,2 млрд теңгеге немесе 44%-ға төмендейді, – деді Қанат Алпысбаев. 

Сондай-ақ ол бұл көрсеткіштер әуе қатынасы 15 мамырдан ары қарай жанданған жағдайда расталатынын атап өтті. 
 

Мен әуе компаниялары 15 мамырда жұмысын жалғастыра бастағандағы жағымды сценариді айтып отырмын, – деді "Самұрық-Қазына" АҚ  логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры. 

Жалпы наурыз-сәуір айларында "Air Astana" компаниясы 7 300 рейс жоспарлап, оның 67%-ын орындай алмаған. Ал бұл уақытта "Qazaq Air" 1 520 рейсті жоспарлаған. Алайда әуе тасымалдаушысы оның 1 110-ын жүзега асыра алмаған.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы