Air Astana-дан 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғандар ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалды
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Air Astana АҚ-дан 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қатысты резонансты іс бойынша шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот шешіміне сәйкес, қылмыстық схеманы ұйымдастырушы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Істің тағы екі фигуранты сегіз жыл алты ай мерзімге сотталды.
Сонымен қатар барлық сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, оларға бес жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда қызмет атқаруға тыйым салынды.
Сот жәбірленуші тараптың 1 млрд теңгеден астам соманы өндіру туралы азаматтық талабын да қанағаттандырды. Тәркіленген мүлік келтірілген залалды өтеуге бағытталады.
Апелляциялық саты қорғаушы тараптың уәждерін қарады, алайда бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.
- FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады 20:30
- «Тыңдап тұрсың ба, мен тергеушімін»: Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған қыз анықталды 20:11
- Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жолаушылар паромын Каспий теңізіне қайта қосу жоспарлануда 19:59
- Өзбекстанда зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру ұсынылды 19:41
- Астанада автобуста жүргізуші мен жолаушылар арасында жанжал шықты 19:18
- Инвестиция тарту: Үкімет не істеді, биыл не өзгерді? 18:59
- «Реалдан» бастап Джей Ло мен УЕФА Суперкубогына дейін: Қазақстандағы әлем назарын аударған оқиғалар 18:42