Air Astana "600 мыңның билетіне" қатысты түсініктеме берді

Air Astana скриншоттардағы қате ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Air Astana әуекомпаниясы әлеуметтік желілерде жүрген скриншоттарда қате ақпарат таратылғанын хабарлайды. Аталған суреттерде Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе Ақтауға ұшатын әуебилеттерінің құны көрсетілген. Алайда ол жерде Ыстанбұл арқылы ұшатын бір немесе екі трансфері бар рейстер көрсетілген. Ал сегменттердің бірінде бизнес-класс билеттері ұсынылған. 

Осылайша, мұндай скриншоттар жұртты жаңылыстыруда. Ең жақсы бағаға кепілдік беру үшін жолаушылардан әуекомпанияның ресми сайтында немесе Air Astana қосымшасында эконом-класта тікелей рейстерді таңдауды сұраймыз. Әуекомпания ішкі бағыттардағы әуебилеттерінің құнын өсірген жоқ. Керісінше, Air Astana әуекомпаниясы отандастарымыз ұшып кете алуы үшін Атыраудан Алматыға және кері қарай қосымша рейстер енгізді. Егер сіз таңдаған күндерге билеттер қалмаса, басқа күндерді қарауыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Air Astana компаниясының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы