Өткен жылы оңтүстіктен солтүстікке қанша адам қоныс аударды
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы аймақтық квота бойынша 1 517 отбасын яғни 6363 адамды қамту көзделді. Жыл бойы жұмыс күші артылып жатқан аймақтардан солтүстік аймақтарға 6 766 адам қоныс аударды (1 858 отбасы) немесе жоспар 106% орындалды.
Естеріңізге сала кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Мемлекеттік бағдарламасы, еңбек ресурстарының тұтастығы үшін Үкімет белгілеген аймақтарға өз еркімен қоныс аударған тұлғаларға мемлекеттік қолдау жасау қарастырылған.
ҚР« Көші-қон туралы» заңына сәйкес, Алматы, Жамбыл,Маңғыстау, Түркістан,Қызылорда облыстарынан қоныс аудару қарастырылған. Бұл өңірлерде соңғы 10 жылда халық санының жыл сайынғы өсімі 2 пайызды құрап отыр. Халықтың тығыз орналасуы – бір шаршы шақырымға 6,4 адамнан келеді.
Қоныс аударушыларды қабылдап жатқан аймақтарға- Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Пауладар, Солтүстік-Қазақстан облыстары кіреді.
Өз еркімен қоныс аударғандарға көшіп-қонғаны үшін субсидия беріледі- отбасының әрбір мүшесіне бір реттік өтемақы 35 АЕК (88 мың теңге) көлемінде қарастырылған. Баспана жалдау және коммуналдық қызмет түрлерінің шығынын өтеуге 12 ай бойы 15 тен 30 АЕК дейін (39 мыңнан 76 мың теңгеге дейін) қаржылай көмек беріледі.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап жұмыс берушілерге қоныс аударғандар қатарынан тұрақты жұмысқа қабылданған әр жұмысшы үшін (5 адамнан кем емес) 450 АЕК (1 136 мың теңге) көлемінде субсидия беріледі.
Сондай-ақ, оралмандар мен қоныс аударғандар арасында жаңа бизнес-идеяны дамытуға бағытталған жаңа бастама бойынша жұмыс басталды. Ол үшін бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 100 АЕК (252 мың теңге) көлемінде мемлекеттік грант беріледі.
Баспанамен қамту мәселесі де қарастырылған- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап жұмыс берушілердің қатысуымен қоныс аударғандар үшін бағдарламаға тұрғын үй алу және оның құрылысы бойынша жаңа механизм енгізілді. Пилотты жобаны Солтүстік-Қазақстан облысында енгізгеннен кейін, қоныс аударушыларды қабылдайтын басқа аймақтарда да жүзеге асыру жоспары бар.
Жаңа механизм алдағы үш жылда 3 мыңға жуық қоныс аударған отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.
Қоныс аударғандарды қолдау шараларын кеңейту үшін «Мәңгілік ел жастары–индустрияға!» («Серпін») жобасы түлектерінің өз еркімен қоныс аудару құқығына басымдық жасалады.
Зерттеу көрсеткендей, қоныс аударғандардың жартысынан көбі Пауладар облысына көшкен - 31%, Шығыс-Қазақстанға– 27%, Солтүстік Қазақстанға – 22%, Қостанай облысына – 16%.
Олардың көбісі Түркістан облысынан көшкендер– 36%, Алматы облысынан – 28%, Жамбыл өңірінен – 15%, Қызылорда облысынан – 13,5%, Маңғыстау облысынан – 2,7%.
Қоныс аударғандардың 48% немесе 3 265 адам еңбекке жарамды жастағылар. Оның ішінде 2 208 адам жұмысқа тұрды немесе 70%. Онымен қоса, 180 адам кәсіпкерлік ісімен айналысып жатыр және 112 адам жаңа көшіп келген жерінде оқумен қамтылды.