26 Мамыр 2024 2024, 22:51
Фото: BAQ.KZ архив
Аида Бауыржанова спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық олимпиада комитетіеің мәліметіне сүйенсек, соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медаль жеңіп алды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді.
Ол Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді.
Айта кетелік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.